Жуырда Жастар жылына орай аудандық кітапханада «Кітаптар сиқыры» атты іс-шара өткізілді.

Онда жас ұрпақтың жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам басатыны, бұқаралық сананы қалай өзгертетіні туралы көзқарастар ортаға салынды.

Бұл шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары мен кітапхана қызметкерлері жəне мектеп оқушылары қатысты.

Жиын барысында Жамбыл аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова:

– «Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алға тартып келе жатқан биік парасаттылық пен біліктіліктің киелі ордасы. Сондай-ақ, адамзат даналығының алтын кілті – кітапханадағы кітаптар екені даусыз. Ел ертеңі жас ұрпақты тəрбиелеуде кітапхананың алар орны ерекше.

Бүгінгі тағылымды шара тарихи танымымызды кеңейтетіні анық. Өркениетке бейім, жаңа технологияларды меңгерген жастармен осындай ортада жолыққаныма қуаныштымын, – деді.

Бұдан соң кітапхана директоры Бибінұр Ыбырайжанова сөз алып, аталмыш шараның негізі мақсатын түсіндірді.

Жиын барысында оқырмандардың белсенділері сахнада өздерінің өнерін көрсетті. Сонымен қатар, өзара байқауға түсіп, рухани азық алып, мол əсерге бөленді. Шара соңында кітапхана оқырмандары «Кел, шырқайық!» атты караоке-шоуына жəне «Кешкі сырласу», «Ашық микрофон» сынды тақырыптардың ашылуына атсалысты. Осылайша бірнеше сағатқа созылған «Кітапханадағы түн» акциясы өз оқырмандарына қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 Ə.ƏБУ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here