Аудан  спортының  ахуалы  қандай?   

0
877

Осы аптада ауданға Алматы облысындағы дене шынықтыру және спорт саласы жұмыстарының жағдайын зерделеу үшін арнайы жұмыс тобы келді. Топ құрамында  Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат  Үшкемпіров, жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Рүстем Қалиев пен  Талдықорған қаласындағы армрестлинг федерациясының президенті Артем Фоменко болды. Жиында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ермек Қартаңбаев былтырғы жылға қатысты есеп берді. Спорт саласын дамытуға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.  Былтырғы жыл спорт саласы бойынша жемісті болған. Қайназар мен Ақсеңгір және Қарғалы ауылдарында ашылған мектептерде үлкен спорт зал қоса салынған. Бозой, Дегерес, Самсы және Үңгіртас ауылдарына арнайы футбол алаңдары салынып, Ұзынағаш ауылында жеке меншік 1 шағын футбол алаңы тұрғындар игілігіне өткізілген.

«Атамекен» ақпарат.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here