Атамекен… Кең дала… Туған жердің қайсы бір тасын төңкере қалсаңыз да тарих жайында сыр шертеді. Ескірген дүниенің құндылығы ешқашан арзандамақ емес. Осыдан үш жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала жарыққа шықанда рухани тұрғыдан бір жаңғырдық. Араға уақыт салып соның жалғасы іспеттес «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала жарияланды. Сол арқылы Ұлы даланың жаһандық тарихтағы жəдігерлеріне тың көзбен қарауға мүмкіндік туды. Бүгінде мектеп ұстаздары əрбір сабағын аталмыш мақала аясында жүргізеді. Сол арқылы оқушыларды өз елінің патриоты болуға тəрбиелейді, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көпғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті əрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Осы орайда қазіргі уақытта мектебімізде 56 компьютер, 10 интербелсенді тақта жұмыс істейді жəне болашақта бір IT кабинеті іске қосылады деп жоспарлануда. Оқушыларымыз заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды өз дəрежесінде меңгергендіктен, əртүрлі тақырыпта слайдтар, бейнероликтер, мультипликациялар құрастыруды біледі. Бұл – болашақ ұрпақты цифрландыру өркениетіне бейімдеу.

Елбасы мақаласында, «Төл тарихын білетін, бағалайтын жəне мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу жəне болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» деген еді. Осы мақсатта мектебімізде өлкетану бойынша курс жүргізіледі. Курстың мақсаты – оқушыларды туған жерінің тарихымен жете таныстыру. Мəселен, олар Үңгіртас, Таңбалы тас, Түктібай əулие, Жамбыл, Сарыбай би, Қайназар, Мақыш балуан, Қосай баба, Наурызбай батыр, Медетбек батыр, Сүйінбай ақын сынды т.б. тарихи тұлғалардың өмірі мен өнегесін таныпбіліп, ғылыми конференциялар, пікірталастар, жарыссөздер ұйымдастырып, рухани сусындап отырады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында атқа міну мəдениетіне де ерекше назар аударылған. Жылқы – төрт түліктің төресі. Қазақ төрт түліктің ішінен тек жылқыны ғана жеті қазына санатына кіргізген. Бұл – Қамбар Ата түлігіне деген ерекше құрметтің белгісі. Міне, осындай үрдісті бала бойына сіңіру – ең басты мақсатымыз.

Мектеп оқушыларының бос уақытында «Бəйтерек» əкелер клубының жетекшілігімен ауыл тұрғыны, атбегі Баққожаев Əлқожа атамызды шақырып, ат əбзелдері, атқа міну, ер-тоқым түрлері туралы кеңінен мағлұмат аламыз. Балалар Көкбастау ипподромына барып атқа міну əдісімен танысады. Оның адам денсаулығына аса пайдалы екендігі туралы кеңінен мағлұмат алады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын бірнеше бөлімдерге бөлген болатын. Соның ішінде ел тарихын барша əлемге таныту мақсатында ұлт тəрбиесіне баса назар аударатын тағы бір сатысы, ол – асық ату ойыны. Асық ату ойыны ЮНЕСКОның БҰҰ-ның материалдық емес, мəдени мұра ретіндегі тізіміне кірген. Осы орайда мектепте асық ату үйірмесі жұмыс істейді. Дене тəрбиесі пəнінің мұғалімі Аят Қоянбаевтың жетекшілігімен мақалада айтылған бастамалар жүзеге асырылып, өрістеп келеді. Оқушылар асық ату ойынынан түрлі жарыстар мен сынақтарға қатысып, Жұмабек Бекнұр, Жолдасбай Марс, Нұрдан Еларыс, Маден Ерасыл сынды балалар жүлделі орындарға ие болды.

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада ұлттық музыка аспаптарын дəріптеуді қолға алу туралы да айтылған. Сондықтан мектебімізде қазақ халқының ұлттық аспабы – қайғысын да, қуанышын да, мұңын да, сезімін де осы аспап арқылы бір күйге сиғызған ұлы домбыраны дəріптеудеміз.

Болашақта ата-ана, оқушылар жəне ұстаздардан құралған 100 домбырашы шығаруды мақсат етіп отырмыз. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жүргізудеміз.

Қорыта айтқанда, ұлттық санасы жаңғырып, рухани тұрғыдан түлеген өскелең ұрпақ өзінің тарихын түгендеп, атына қайта мінсе, болашақта қазақтың кеудесін ешкім баса алмайтыны рас. Жас ұрпақты тəрбиелеу ісінде осынау игі бастамаға атсалысу əрқайсымыздың қастерлі міндетіміз. Ел үмітін ақтау – басты парызымыз. Өйткені, еліміздің болашағы – бүгінгі жастардық қолында

Демек, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқылы өскелең ұрпақты тəрбиелеу басты бағыттың бірі саналады. Үлгі-өнегеге, ұлттық сезім мен патриотизмге негізделген бұл бағыт əрбір жас жеткіншекті ұлы мақсатқа жігерлендіреді деген сеніміміз мол.

Жанна ЕРМЕКБАЕВА,

Жамбыл атындағы орта мектебі КММ-нің директоры.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here