Жаңа оқу жылының басталуымен қатар, яғни, 01.09- 25.09.2020ж. аралығында “Өрлеу” БАҰО АҚ  Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру негізінде аймақтық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында  курс ұйымдастырылды. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының білімді де білікті әдіскер- ұстаздары еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында ZOOM платформасында онлайн курс өткізді.

“Мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса, оның мұғалімдігі де жойылады”- деп  К.Ушинский айтқандай, жаңартылған білім беру мазмұнындағы курстың басты мақсаты – ұстаздарға заман талабына сай қолдау көрсету, білімдеріне білім қосу, кәсіби деңгейлерін көтеру.

Алматы облысы бойынша “Өрлеу” педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының тренер-ұстаздарының қайсысын айтсақ та, ұстаздық шеберліктері өз алдына бір төбе. Біздің 87-топ осындай білікті тренер-ұстаздардың бірі де бірегейі – Айдарбаева Әсел Балтабайқызынан дәріс алдық. Курс барысында тренерімізден ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ және критериалды бағалау, сабақ барысында қолданылатын ресурстар туралы әдістемелік көмек алдық. Жаңартылған білім берудің ерекшелігі – “шиыршық” тәрізді оқу бағдарламасы екендігіне оқу мақсаттарын талдау барысында көз жеткіздік. Тиімді оқытудың әдіс- тәсілдерін, критерий құруды, бағалау стратегияларын меңгердік.

ЖББ маңыздылығы- оқушыны сын тұрғысынан ойлай білуге, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе жасау, жеке, жұптық, топтық жұмыс істеуге үйрету.

Қорыта айтқанда, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру, білімді шәкірт тәрбиелеу үшін мұғалім үнемі ізденісте болуы қажет. Осының бәрін бізге үйретуден аянбаған тренер- ұстазымыз – Әсел Балтабайқызына тобымыздың атынан үлкен алғыс білдіре отырып, елімізде өз мамандығын сүйетін, білімді, өз пәнінің жанашыр мұғалімдері көп болсын деп тілейміз!

87-топ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here