Уақыт көші алға жылжып, қоғам қарыштап дамыған сайын,  ондағы халықтың өмір сүру дағдысы, салты да өсіп-өркендері анық. Дегенмен, әрбір ұлт өзінің ата-баба дәстүріне құрмет көрсетіп, оның ғасырдан-ғасырға сақталып, жетуіне атсалысуы парыз деп білемін.

         Менің ойымша әрбір жас өзінің ана тілімен, салт-дәстүрімен, әдеп-ғұрпымен, туған тарихымен терең таныс болып, дәріптегенде ғана өзінің  болмысын сақтап қала алады.

         Материалдық құндылықтардың дамып, көбейгені орынды, бірақ рухани құлдырауға жол бермеуді де естен шығармаған абзал. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» деп аталатын тарауында жаңа ғасырдың талаптарына төтеп беруі үшін экономикамыздың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, сананы жаңғыртудың бірнеше ерекшелігін атап өтті. Сонымен қатар,  «Туған жер» бағдарламасының қолға алынатынын айтқан Ұлт көшбасшысы адамзат баласы үшін қастерлі ұғым саналатын туған жердің қадір-қасиетін бағалай білу керектігін ұмытпайды.

         Аталмыш мақаламен таныса отырып, оң мен солымызды әбден танып, өткенге көз жүгіртіп, асыл тарихымызды және бір парақтап, рухани жетілу, рухты сақтау нақты шешім жасайтын дәуірге жеткенімізді сезінеміз. Ол үшін – жастарымыз  раухани жүдеу болмауы тиіс.  Рухани байлық қазақ жастарының бойында қалыптасқан, сондықтан оны дұрыс жолға бағыттай білуіміз керек.

Айым ҚАЛАБАЕВА,

Жамбыл атындағы орта мектебінің

 педагог-ұйымдастырушысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here