Жексенбі күні аудандық «Jas Otan» жастар қанатының  төрайымы Балжан Ерболқызы Досалы «Жамбыл» атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенттерімен «Біз қолдаймыз!» атты тақырыпта «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қолдауға көмек көрсету барысында онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында Балжан Досалы партияның жас  буын өкілдеріне мол сенім артатынын тілге тиек етіп, саяси науқанда ел болашағы үшін бірге белсенділік танытуға шақырды. Өз кезегінде колледж жастары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттауға көмек қолын созуға барынша жұмылатынын, жастардың  таңдауы ел үшін өте маңызды екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here