Бүгін аудандық әкімшіліктің үлкен залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев, Қазақстан Республикасының мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Тілектесұлы Бердалин, Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Бейсеқұлова Ляззат Мұқатайқызымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслиxаттың аппараты, ауылдық округтер әкімдері мен мамандары, аудандық мекеме, бөлім басшылары мен қызметшілері, “Нұр Отан” партиясы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық арнайы мониторингтік тобының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қапшағай қаласының мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиын барысында аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын ескеріліп, ауданымызда жалпы  бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, нақты жауаптар қайтарылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осыдан кейін аудандық Қарасай батыр атындағы мәдениет үйінің алдында  «Адал жол-Честный путь» атты марафон өтті. Аталмыш марафонның туы мен кітабын Жамбыл ауданы салтанатты түрде Талғар ауданына табыстады.   Іс-шара барысында А. Бердалин марафон аясында өткізілген шаралар елімізде сыбайлас жемқорлықтың тамырын жоюда  үлкен рөл атқаратынын атап өтті.  Сондай-ақ, Жамбыл ауданының «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері өнерлерін көрсетіп, жемқорлыққа қарсы бағытталған флеш-моб биін орындады.  Марафон туын қабылдаған Талғар ауданының өкілдері осындай іс-шараларды өз  аудандарында жалғастыратынын айтты.

Айта кетсек, бұл марафонның туы мен кітабы ағымдағы жылы 6 сәуір күні өткен «Парасыз болашаққа.Бірге» форумында Департамент тарапынан бірінші болып Алакөл ауданына табысталып, бүгінгі күні әр-түрлі шаралар өткізу арқылы облыстың 14 ауданын аралады. Марафон ағымдағы жылы 9 желтоқсан «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күні облыс орталығы Талдықорған қаласында өз мәресіне жететін болады.

Атамекен-Ақпарат

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here