Депутаттарға арналған «Біздің депутат» атты республикалық қоғамдықсаяси газеті 2020 жылдың қорытындысы негізінде үздіктер рейтингісін анқытады. Республика бойынша «Үздік депутат – 2020» медаліне 2 бас қала, 12 облыс жəне облыс орталықтарындағы 9 қала депутаттары лайық деп танылды.

Осы саралау барысында Алматы облысы бойынша облыстық мəслихаттың бірнеше мəрте депутаты болып сайланған халық қалаулысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Доғдыргүл Өмірқұлқызы Молдахалықованың ерендер қатарынан көрінгені Жамбыл ауданының жұртшылығы үшін де əрине, зор қуаныш.

Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын халық денсаулығының күзетіне арнаған білікті терапевт-дəрігер саналады. Депутат ретінде де өз сайлаушыларының аманатын адал атқарып жүр. Үнемі ізгілікті істерге ұмтылған айтулы маман алдына келген жандарға əрдайым көмек қолын созды, қамыққанды жұбатты, тарыққанды қуантты. Қайырымдылық шараларына да біркісідей атсалысып, қамқор болды.

Оның республика депутаттары арасында бағаланған еңбегі осындай зор абыройға жеткізгеніне шын жүректен қуаныштымыз. Өзінің де денсаулығы зор, мерейі үстем бола берсін деген тілектеміз. Құттықтаймыз!

«Атамекен» газетінің редакциясы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here