Халқымызда «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көлкөсір» деген қанатты сөз бар. Қой басқа малдарға қарағанда өте шыдамды, ыстыққа да, суыққа да төзімді жануар. Еті, жүні мен сүті аса бағалы. Өз төлі есебінен тез көбейіп, баққан адамның ырыс-дəулетін арттырады.

Ауданда шаруа қожалықтарының саны артып, жыл өткен сайын малдың қарасы көбеюде. Мал өнімін ұқсатып, тиыннан теңге құрауға үйренген шаруа адамдарының тұрмыс-тіршілігі де көңілге тоқ. Қашан да қазақтың байлығы мен ризығы төрт түлік малға байланысты. Ісі ілгері басқан шаруа қожалықтарының қатарында Ақсеңгір ауылындағы «Санжар» шаруа қожалығының жұмысын атап айтуға болады. Басшысы Тұрсынғали Сарыбаевтың бұл саладағы іс-тəжірибесі мол.

Ол 1976 жылдан бері Ақсеңгір ауылында тұрады. Осында 1991 жылға дейін автокөлік жүргізушісі болған. Мал шаруашылығына өз үлесін қосып, құс ұйқылы қойлы ауылда жүріп, шопандардың күнделікті өмірімен танысқан. Жылдың төрт мезгілінде мал бағудың қыры мен сырын үйреніп, көкейіне түйген. Бұдан соң Тұрсынғали 1996 жылға дейін Халқымызда «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көлкөсір» деген қанатты сөз бар. Қой басқа малдарға қарағанда өте шыдамды, ыстыққа да, суыққа да төзімді жануар. Еті, жүні мен сүті аса бағалы. Өз төлі есебінен тез көбейіп, баққан адамның ырыс-дəулетін арттырады. Ақсеңгір тəжірибе шаруашылығында шопан болып, мал санының артуына үлес қосты. Алдыңғы қатарлы шопандармен иық түйістірді. Жазда жайлауға, күзде күздеуге, қыста қыстауға, көктемде көктеуге көшіп барып қоныстанды. Содан 1996 жылы шаруашылық тарағанда қолдағы жеке малымен «Санжар» шаруа қожалығының іргетасын қалады.

Бүгінде бұл қожалық керегесін кеңге жайып үлгерген. Тұрсынғалидың меншігінде қой, сиыр мен жылқы малына арналған қашары бар. Сонымен бірге 10 мың гектар жайылымдық, 4 гектар суармалы жоңышқа төрт түлік малдың өз қажетіне жарап тұр. Қожалықтың жұмысын ұлы Ерғали жүргізіп, шаруаларын ширата түсуде. Көктемгі төл алу науқаны аяқталған соң қожалықтың малы Үлкенсаз жайлауына қоныс аударады. Сол жерде емін-еркін жайылып, қоңын көтереді. Қожалық жұмысын атқаруда қажетті техникадан 2 “МТЗ 80” тракторы мен шөп тайлағыш, шөп шапқыш, тырма, соқа мен тиегіш пайдаланылады.

Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы ретінде Тұрсынғали Сарыбаев жерлестерімен бірлесіп ауылдағы ішкі тəртіпті сақтауғаерекше назар аударып келеді. Ауыл əкімі Ержан Қасымшаловпен əрбір ауылдағы жұмыстардың оңтайлы шешімін тауып, жүйелі түрде іске асуына да септігін тигізуде. Баққан малының қорын үзбей, қорасын малға, өрісін төлге толтырған қожалық басшысына біз де сəттілік тілейміз.

Т.АЛЖАН.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here