Парламент Мəжілісінің депутаттары Серік Құсайынов, Сапар Ахметов, Сергей Звольский жəне Мұрат Теміржанов ауданға сапарында үш ауылда болып, дала еңбеккерлерімен кездесті. Халық қалаулыларымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, аудан əкімі Бағдат Əлиев бірге жүрді.

Алдымен Қарақыстақ ауылы маңындағы «Табыс» шаруа қожалығына атбасын тіреген мəжілісмендерді аталған шаруашылық басшысы Талғат Естібеков бастаған сала мамандары жұмыс барысымен таныстырды. Қонақтар қожалықтың тауарлы-сүт фермасының сауын орны жаңа технологиямен жабдықталғанын көрді.

Ондағы жұмыс үрдісі компьютермен басқарылатынын оператор Берік Əбішев əңгімелеп берді. Қорада күтімге алынған сүтті бағыттағы сиырлардың өнімділігін, ерекшелігін білді. Асыл тұқымды малдардың Украинадан жеткізіліп, осында ойдағыдай жерсіндірілгені, қазіргі күні ертелі-кеш 330 бас сиыр сауылатыны айтылды. Мұндағы əр сиыр орта есеппен күніне 22 литрден сүт береді, өнім арнайы ыдыста салқындатылып, сүт зауытына өткізіледі. Аумағы атшаптырым өндіріс орнының жұмыскерлерімен кездескен депутаттар олардың қал-жағдайын, ұсыныс-тілектерін сұрап білді. Шағын несие алу, субсидиялау жəне басқа да қойылған сұрақтарға жауап беріп, қарапайым еңбек адамдарын еліміздің заң шығарушы органының жұмысынан хабардар етті.

Сұраншы батыр ауылының жанындағы құлпынай алқабында да дала еңбеккерлерімен дəл осындай кездесу болды. «Кримсант Фильд Малина» ЖШСнің басқарушы директоры Бақытжан Қалиев құлпынайдың шетелден əкелінген өнімділігі жоғары түрінің бірнеше сортын күтіпбаптау жайымен таныстырды. 11 гектарлық алқапта қазір қызу еңбек. Осы төңіректегі жақын ауылдардан отыздай адам осында жұмысқа тартылыпты. Мамандардың айтуынша, ауасы қоңырсалқын, суы тұнық, топырағы құнарлы Суықтөбе тауының етегі бұл дақылға қолайлы. Жиналған өнімді алқап басынан көтерме бағамен алып кететін тұрақты алушылар бар. Ерте жаздан бастап күзге дейін өнім беретін бұл дақылдың бабын тапса пайдасы көл.

Халық қалаулыларымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, аудан əкімі Бағдат Əлиев бірге жүрді. көсір көрінеді. Тек көп күтімді қажет етеді. Қаз-қатар тізілген, биіктігі кісі бойындай əр талдың түбі тамшылатып суғарылады. Шаруашылық басшысының келешекте осында шырын, тосап шығаратын шағын цех салып, жартылай шикізатты өңдеу ісін жолға қою жоспары бар. Халық қалаулылары Мыңбаев ауылындағы «Қазақ мал шаруашылығы жəне жем-шөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС-нің «Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» филиалына келді. Мекеме директоры Бақытжан Мұсабаев бастаған ғалымдар ауыл шаруашылығын өркендетуде ойлап тапқан жаңалық-зерттеулерімен бөлісті. Елордалық қонақтар назарына биотехнология жəне жемшөп шығару зертханасының ауласында қой шаруашылығындағы инновациялық технологиялар көрмесі ұсынылды. Директордың ғылым жөніндегі орынбасары Сатыбалды Аузбаев асыл тұқымды қойешкінің көптеген түрлерін таныстырып, əр тұқымның өзіндік ерекшеліктеріне, артықшылықтарына жеке-жеке тоқталды. Сондай-ақ елдің əр өңіріндегі климатқа сай құрамыминералдық қоспалармен байытылған мал азығы түрлері, жайылымды дронмен бақылау, жүн қырқу құралы, қолдан ұрықтандыру қосынының үлгісі, жайлы да жылы жылжымалы-контейнерлі малшы үйі, 500 қой сиятын шатырлы-жиналмалы мал қорасы сияқты жаңашылдықтар көрсетілді.

Зерттеу орнының жұмысына қаныққан депутаттар мен ғалымдар халқымыздың ежелден келе жатқан ата дəстүрін заманауи дамыту жөнінде құнды пікір алмасты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here