14 қазан – көне дəуірдің күмбір үнін жеткізген ұлт мақтанышы – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне табиғи қорық музейінің құрылған күні.

1957 жылы тарихшы-археолог А.Максимованың жетекшілігімен зерттеліп, тарих сахнасына шыққан ескерткіш бүгінгі таңда шетелдік жəне отандық ғалымдардың тың деректер туындатуына арқау болған аса құнды жəдігер.

 Сонау қола дəуірінен сыр шертетін «Таңбалы» петроглифтері 2004 жылы ЮНЕСКОның Бүкілəлемдік мұралар тізіміне енді. Дала галереясы атанған «Таңбалы» қорығы – Орталық Азиядағы ашық аспан асты мұражайларының бірегейі саналады. Демек, Ұлы даланың төсінде осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүріп, тарихын тасқа қашаған біздің ұлы бабаларымыздың ерендігін күллі дүниеге əйгілеген жəдігер мұражайдың бағасы теңдессіз. Оны басқарып отырған М.О.Əмірғалиевті жəне барша қызметкерлерді осынау айтулы күнмен құттықтап, жұмысына сəттілік тілейміз. Еліміздің тарихи-мəдени құндылықтарын дəріптеу жолындағы ізденістері арта берсін.

Гүлзат АСҚАРОВА, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне табиғи қорық музейінің ғылыми қызметкері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here