Сәрсенбі күні аудандық кітапхана ғимаратында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелерін және «Мәңгілік Ел» идеясын ілгерлету мақсатында ақпараттық компанияны ұйымдастыру және өткізу» атты кездесу болды.

Кездесуге облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сапарғалиев Жаныс Құдайбергенұлы, тарих ғылымдарының докторы, ҚазМУ профессоры Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, ҚР Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Диқаншынов Бағлан Мұраталдынұлы, аудан әкімдігінің қызметкерлері, депутаттар, ардагерлер, құқық қорғау органдары, жастар мен  ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Жиында алғаш сөз алған Берекет Бақытжанұлы Елбасының «Рухани жаңғыру—болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы мен «Мәңгілік ел» идеясын ілгерілету мақсатында атқарылып жатқан бірнеше ауқымды іс-шараларға тоқталып өтіп, қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, өткенді жаңғырту жолында руханиятымызды дамыту мақсатында жұмыла жұмыс істек керектігін тілге тиек етті.

Берекет Бақытжанұлынан кейін сөз алған ҚР Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Диқаншынов Бағлан Мұраталдынұлы «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасында» айтылған 7-20-25 бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болатынын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойлып, аталған тақырыптар бойынша тұщымды жауаптар берілді.

Елдар Жақыпбек

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here