Жамбыл ауданы əкімінің өкімімен 2019 жылы ақпанның 11-нен бастап КАРШАЛОВА Мараткүл Шоферқызы Жамбыл ауданы əкімінің аппараты жалпы бөлімінің басшысы болып тағайындалды. М.Ш.Каршалова 1965 жылы қазанның 15-де Жамбыл ауданының Дегерес ауылында туған. Білімі жоғары. 1986 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 2018 жылы Аймақтық əлеуметтікинновациялық университетінде есепші, құқықтану мамандығын алды. Еңбек жолын 1984 жылы мех комбинатында қабылдап алушы болып бастаған. 1985-1986 жылдары кітап фабрикасында бақылаушы, 1987 жылы үй басқармасының үй күтушісі болды. 1987-1989 жылдары “Қаззооветжабдық” республикалық базасында есепші, 1992- 1997 жылдары аудандық тұтынушылар одағының сатушысы болды. 1999-2018 жылдары азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ Жамбыл аудандық бөлімшесінің басшысы, 2018 жылы Жамбыл аудандық “Қазпошта” бөлімшесі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here