«Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізіп отыру жыл сайынғы дәстүрге айналған. Бұл байқауда әр ауылдың оқушыларынан құралған алғашқы әскери дайындық сыныбында оқитын оқушылар бақ сынайды. Жылдағы дәстүр бойынша бұл жарыс біздің ауданда да өтіп, өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыста бақ сынаған аудан мектептерінен  Ақтерек орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ершат Тілеуқұлдың оқушылары үздік деп танылып жүлделі бірінші орынды иеленіп, облыс орталығы Талдықорған қаласында өтетін облыстық байқауға жолдама алды.

Облысқа жолдама ұтып алған Ақтерек орта мектебінің «Айбын» командасы 16 ауданнан келіп қатысқан командалар арасында бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде екі күнге созылған жарыста олар жүлделі 3-орыннан көрініп, ауданның абыройын асқақтатты.

Облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарына келіп, бақтарын сынаған оқушыларды құттықтап, сөз сөйлеген облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бөлімінің жетекшісі, «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің  Алматы облысы филалының төрағасы Айбол Қасенов: «Жастар екі күн ішінде  тарихи зерттеу жобасын қорғап, саптардың көрінісі, атыс даярлығы, әскери кросс, турникке тартылу, денені жерден көтеріп түсіру (отжимание), жүзу (эстафета) бойынша бақ сынады.  «Бұл екі күн ғана болса да, оның ар жағында үлкен еңбек бар. Әскери қызмет мемлекеттік қызметтің ішіндегі ең ерекшесі. Сондықтан, осындай үлкен масштабтағы ойындар жүргізу арқылы еліміздің ертеңі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудеміз. Бүгінгі жарыста үздік деп танылған барша командаларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тілеймін»,-деп жылы лебізін білдіріп, жүлдегер командаларды «Алғыс хаттармен», бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында «Сананың ашықтығы» деген бөлімінде кейінгі жас ұрпақты жан-жақты болуға шақырғанын көреміз. Осы бір мақалаға амал етіп, жас ұрпақты өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеп жүрген Ақтерек орта мектебінің директоры Бақтияр Қасенов пен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ершат Серікұлына да алғыс айтып, еңбегінің жемісін көре берсін демекпіз.

Е.Еркін

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here