7-8 қарашада ел астанасы Нұрұлтанда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасыдемографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстанның ауыл әйелдерінің ІІ Форумы болып өтті.

Бұл айтулы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан , Өзбекстан мен Түркия сынды мемлекеттерден 300 делегат жиналып, қазақстандық әйелдердің ауылды дамытуда қосып жатқан үлесі төңірегінде әңгіме өрбітті.

Нәзік жандылардың басын қосқан мұндай әдемі іс-шарада жүгі ауыр мәселелер көтеріліп, күрделі түйіндердің күрмеуі шешілді.

Форумның басты тақырыбы — «Қазақстан әйелдерінің ауылды кешенді дамыту мен ТМД-2030-дың орындалуына қосар үлесі» болды.

Екі күн бойы сарапшылар, бизнесмендер мен саясаткерлер ауылда жүзеге асыруға болатын бизнес-идеялар мен сұранысқа ие жобаларды қолдаудың тиімді тетіктері туралы ой талқыға қатысты.

Делегаттар өз тәжірибесімен бөлісіп, шет ауылдарды дамытудың жаңа формулалары туралы айтты. Сонымен бірге, ауылдар мен ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен олардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуына мән беру арқылы елдің әл-ауқатын көтеруге де аса мән берілді.

Мәселен, шарада сөз алған ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенконың айтуынша, азаматтық қоғамның жаңа институты ретінде былтыр құрылған Қазақстан ауыл әйелдерінің қозғалысының құрылуы ел тарихындағы айрықша оқиға болып отыр.

Ал «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» ЗТҚ басқармасының төрайымы Салтанат Рахимбекованың айтуынша, елімізде бұдан басқа ҚР әйелдерінің аграрлық одағы құрылған.

«Біздің қозғалыстың басты мақсаты, ауыл әйелдерінің дәрежесін көтеру. Біздің делегаттар қатарында ірі-ірі бизнес құрылымдарды басқарып отырған мықты әйелдер бар, олар ауыл шаруашылығында инновациялық жобаларды, инновациялық төңкерістерді жасауды ұсынып, сондай мәселелерді көтеріп жүр», — деді ол.

Форумда «Әйелдер бизнесі: әйелдер кәсіпкерлігінің мүмкіндіктерін арттыру және олардың қаржыландыруын ауыл аясында қолжетімді ету», «Жергілікті өзін-өзі басқару механизмдерінің ауылдық елдімекендердегі ашықтықты, қауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыз ететін құрал ретіндегі дамуы», «Өнімді жұмыспен қамтылуға «жасыл экономиканы меңгеру және ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту арқылы қол жеткізу» және «Ауылдағы әлеуметтік және гендерлік мәселелерді шешу адам капиталын дамытудың жолы ретінде» сынды тақырыптар төңірегінде өрбіді.

Қазақстанның ауыл әйелдерінің II форумына Алматы облысынан 15  делегат қатысты. Олар: «Тастума» шаруа қожалығының басшысы Тазабекова Кенжетай Жумағалиевна, Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің әкімі Қутбаева Тілеукен Отыншиевна, Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі  Бақтиярова Алия Маратовна, Жаркент педагогикалық колледжінің директоры Саурамбаеве Баян Нусупбековна, Пошта қызметінің маманы Іселбаева Венера Аманжоловна, «Nur Otan»партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағуловна, «Смагулова» ЖК басшысы Смагулова Айгүл Нурашевна, Ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мекебаева Советхан Кудиярбековна, «Экоритм» ЖК басшысы Генина Мария Владимировна, «UZYN.KZ» желілік басылым жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Абсеметова Алия Маратовна, «Балатай» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанқұтты Күлән Құсайынқызы, «Нұр жолы -2017» ЖШС алабақшасының директоры, Еңбекшіқазақ ауданының «Мейірімді періште» ЖШС балабақшасының директоры Отарбаева Жазира Женисбаевна, Облыстық ЖПД КҚПБ әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Мамытбаева Алтынай Рахимбергеновна және Сиқымов атындағы ОМ директоры Ибраимова Рахат Нығметбековна, сондай -ақ Оразғалиева Жанна Борисовна. 

Форум жұмысының қатысушыларының бірі Қазақстан журналистер одағының мүшесі Абсеметова Алия Маратқызы өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді.

Оның айтуынша делегаттар өткен форумнан айрықша әсермен оралды.

«Бұл жылы мен Қазақстан ауыл әйелдерінің форумына делегат әрі спикер ретінде қатысуға мүмкіндік алдым. Форум 7-8 қараша аралығында еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Бұл күндер мен үшін өте өнімді болды және  форумның сапалы әрі іскерлік  бағдарламаларының нәтижесінде бағалы ақпараттармен қанығып, әр түрлі байланыстарға қол жеткіздім.  Қазақстанның одан әрі қарыштап ламуы бағытында атқарылар жұмыстарды бағамдап, өзара пікір алмасуларға қатысып, тәжірибелермен бөлістік.

Бұл шараның өте жоғары деңгейде өткенін , ұйымдастырушылардың көпшілік назарына ұсынған Қазақстан ауыл әйелдерінің дамуына  бағытталған бағдарламалары қызықты әрі мазмұндылығымен көңіл аударғандығын баса айтқым келеді.

Ұйымдастырушыларға өз тарапымнан үлкен алғысымды жеткіземін», –  деді ол.

Журналист: Айтолқын Кузербаева

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here