Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Ұлы дала өркениеті мен көшпенділер мəдениеті ерекше айтылған.

Өткен тарихымызды айғақтайтын тарауларды «атқа міну мəдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі əлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп Елбасы нақтылап көрсетіп отыр. Ұлттық рухты оятатын құндылықтар көпшілік көкейіне ерекше ұялады.

Халқымызда ежелден жылқы малының қадір-қасиеті айрықша. Ерте кезден ер балаларды атқа мінгізіп тəрбиелеген. Сондайақ, бұл мақалада қазақ жері – сан алуан металл кендеріне бай алғашқы орталықтардың бірі болғандығы жəне Ұлы Даланы мекендеген Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мəдениеті мен мұрасының жарқын көрінісі, рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері» болғандығы баяндалған.

Жалпы Елбасының бағдарламалық мақаласы тарихи сана мен ұлттық болмысты жаңғыртуға бағытталған. Тарихты білмей, ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дəріптеу мүмкін емес.

Мария ҚАПАШҚЫЗЫ, Рославль орта мектебінің директоры.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here