Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осынау қиын сәтте жасаған мәлімдемесі қазақ елінің еңсесін бір тіктегендей болды. Еліміз бойынша карантин жарияланып, қала мен ауылдардың арасы ажыраған тұста жасаған бұл мәлімдеме шалғай ауылда жатқан біз сияқты шаруақожалық иелеріне үлкен көмек болды. Себебі, ел Президенті ауылшаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет қаражатынан 75 млрд теңге және көктемгі егіс үшін 100 млрд теңге бөлінетінін ескертті. Сондай-ақ, көктемгі егіс даласындағы жұмыстардың жандануы үшін дизель бағасын 165 теңгеге дейін түсіруді тапсырғаны бізді қатты қуантты. Себебі, көктемгі егін егу жұмысымен айналысып жүрген біз сияқты шаруаларға қазіргі дизель бағасы қалтамызды біраз қағып, қиындықтар туғызып еді. Біз сияқты кіші шаруа қожалық иелері мен басқа да үлкен шаруа қожалық иелеріне бұл жаңалық үлкен қуаныш сыйлады десек артық етпес.

Ауылдардағы шаруалардың барлығына бұл мәлімдеме тың серпін, күш-қуат берері сөзсіз. Ауылшаруашылығы ауданы саналған біздің ауданның шаруалары да осы мәлімдемені шын ықыласымен қабылдап, ел Президентінің бізге жасаған қамқорлығын сезініп, шаруаларын одан ары домалатар деген сенімдемін. Ендігі кезек бізде. Мемлекет басшысының бізге артқан сенімін ақтап, еліміздің одан әрі өркендеуіне үлес қосайық!

Еркін Серікбайұлы,

«Алтын дән» шаруақожалығының басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here