Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурызда жасаған  мәлімдемесі салы суға кетіп, карантиндік жағдайда не істесек болады деген талай жанның үміт отын қайта жақты.

Айталық, осы мәлімдемеде ел Президенті елімізде болып жатқан инфляцияға байланысты зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмектің 10 пайызға өсетінін, сондай-ақ карантин кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек көрсетілетінін жеткізді. Осы мәлімдемеде Қасым-Жомарт Тоқаев осы көмекті алу кезінде ел халқын түрлі алаяқтық жолдармен табысын жасырып, шын мұқтаж жандарға берілетін көмекке ортақтаспау керектігін өтінді. Бұндай жәйт былтырғы жылы көпбалалы аналарға берілетін 21000 теңге шыққанда кең етек алып еді. Соның салдарынан шын мұқтаждар өздеріне тиесілі әлеуемттік көмекке қол жеткізе алмаса, енді бірі сол бір ашкөз адамдардың салдарынан мемлекет беретін көмектен біржола қағылып еді. Бірақ билік өкілдері кейін оның да шешемін тауып, көпбалалы аналардың табысына қарамастан әлеуемттік көмек көрсететін оңтайлы тұсын тапты.

Бұл мәлімдемеде қысылтаяң тұста қажыған жұртқа мемлекет тарапынан қашан да көмек көрсетілетіні ашық айтылып, халыққа әрдайым көмек көрсетілетіні, билік халықпен бірге екені сөз болды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы бүкіл қазақ елін қатерлі індетпен күресуде заң талаптарына сай әрекет етіп, карантиндік режимді бұзбай, бұл сынақтан бірге сүрінбей өтуге шақырды.

Елдар Жақыпбеков

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here