Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетімен күресіп жатқан қазақ еліне үндеу жолдады.

Өз үндеуінде ол бұл қазақстандықтардың ғана емес, әлем елдерінің басына түскен сынақ екенін, бұл ауыр күндерден аман-есен өту үшін ең бастысы темірдей тәртіп пен күш-жігер керек екенін айтып өтті.

Кім не десе де, елімізді 30 жыл бойы басқарған Елбасының демеу сөзін әрбір қазақстандық күткен сияқты.
Назарбаев мұндай қиын шақта елмен бірге екенін жеткізді.

Бізді әрдайым қолдап, тілекші болып жүретініңізге рахмет! Біз бұл қиындықтан аман-есен өтіп кетеміз деп сенемін!

Әлия Абсеметова,
журналист, қоғам қайраткері, көпбалалы ана.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here