Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға орай Қазақстан халқына кезекті мәлімдемесін жолдады. Онда төтенше жағдай кезеңіндегі қоғамдық ахуалдың деңгейі толығымен баяндалып, қиындықты еңсерудің негізі- сабырлық пен бірлікте екендігі атап көрсетілді.
Рухы мықты халық кез-келген кедергіні жеңіп өтері анық. Бөйкүйездік пен енжарлыққа бой алдырмай, ата-бабамыздан қанымызға сіңген қайсарлық пен сабырлықты серік етіп, жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын естен шығармауымыз қажет. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлігімізді бекемдеп, жарқын болашаққа деген сенімімізді жоғалтпағанымыз абзал.
Сабыр мен төзім сыналар сын сағаттарында әрбіріміздің жеке жауапкершілігіміз – ұлт денсаулығы мен ел қауіпсіздігінің кепілі екендігін ұмытпайық.
Бірлігі бекем ел –биікті бағындырады. Ұлт болып ұйыссақ алынбайтын қамал жоқ. Мемлекет басшысы атап көрсеткен сақтық шараларына жауапкершілікпен атсалысып, қиындықты бірге еңсерейік!
Біз біргеміз!

Мадияр Әмірғалиев,

«Таңбалы» қорық-музейінің директоры. ⠀

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here