«Kusto Group» халықаралық компаниясы  #KustoHelp көмек көрсету қайырымдылық жобасын құрып, оған 1 млрд. қаржы бөліпті. Осынау қомақты қаржыны еліміздегі Төтенше жағдай қарсаңында қиындыққа тап болған мұқтаж отбасыларына көмектесу ісіне жұмсауда.

     Қазақстан бойынша ауқымды көмек көрсетіп отырған компания бүгін Жам был ауданына арнайы келіп, 200 отбасына азық-түлік жағынан көмек берді. Көмекші топтың өздерімен бірге келген  Оларволонтерлері аудан еріктілерімен бірге жүріп,  тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік себеттерін үлестірді.  Олар көмекті келесі санаттар бойынша  көрсетуде: 1.Қазақстан Республикасы облыс және қалаларының әкімдіктері және волонтерлік ұйымдармен ынтымақтаса отырып көп балалы отбасыларды, халықтың аз қамтылған және зардап шеккен топтарына атаулы материалдық көмек көрсету және азық-түлік жиынтығын жеткізу. 2.Медицина қызметкерлеріне індетпен күресу және олардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсету. 3.Мұқтаждарға көмек көрсету үшін түрлі қайырымдылық қорларымен ынтымақтастықта болу.

«Kusto Group» компаниясының негізін қалаушы, Еркін Тәтішев мырза:
«Әлемде және біздің елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі өсуде, өкінішке орай, індеттен көптеген өлім жағдайлары тіркелген. Біз осы ауыр күндері қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қазақстандық медицина қызметкерлеріне және пандемияға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүргендерге үлкен рахмет айтқымыз келеді. Ел басшылығы COVID-19 таралуының алдын алу бойынша уақтылы және сауатты іс-әрекеттерді қабылдады, әйтпесе залал көлемі тым көп болар еді. Сонымен бірге пандемияға қарсы күрес жөніндегі амалсыз және қажетті шаралар біздің еліміздің халқы мен экономикасына елеулі әсер етеді. Дағдарыс бәрімізге әсер етті. Қазір бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін, мейірімділік пен өзара көмек көрсету қажет. Уақытылы қажетті көмек көрсетіп және бір-бірімізді қолдау арқылы біз осы дағдарыстан шыға аламыз. Бұрыңғыдан да күшті бола аламыз» – деді өз сөзінде. 

Бақтияр Айталы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here