ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА!

Алматы облысы Ішкі істер Департаментінің 08.06.2020 жылғы №1-5-6104/1826 шығыс нұсқауына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында ағымдағы жылдың маусым айының 15-18 аралығында аудан бойынша мүдделі мемлекеттік органдарды, еріктілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа  жол ЖОҚ!» республикалық акция өткізіледі.

Жамбыл АІІБ-нің ЖПҚБ-ң
ӘЗЗҚТ-ң инспекторы
полиция капитаны
Б.Б.Оспанова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here