Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2020 жылғы 2 тамыздағы №23 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы»
«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 «Қатаң шектеу карантиндік шараларды енгізу туралы» және 2020 жылғы 27 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулыларымен, Алматы облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 тамыздағы №23 «Алматы облысының аумағындағы қатаң карантиндік шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін»:

1) 2-тармақтың 2.3-тармақшасы алынып тасталсын.
2) 2 тармақтың 2.4 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2.4 көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін, құрылыс материалдарын сататын базарларды қоспағанда, жабық азық-түлік және барлық азық-түлік емес базарлар.».
3) 2-тармақтың 2.21-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.21 Ойын-сауық объектілері (букмекерлік кеңселер, казино, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар,  батуттар және басқалар)».
4) 3-тармақтың 3.1-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3.1 ауданаралық, қалааралық автобус қатынастарын тоқтата тұру.».
5) 6 тармағы келесі редакциясы жазылсын:
«6.        Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы және осы тармақта көрсетілген басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Оpen Талдықорған сервис жұмысын онлайн форматта қамтамасыз ету, онлайн форматта көрсету мүмкін емес қызметтерді алдын ала тапсырыс беру бойынша  Egov.kz,  EgovKZBot 2.0 жеделхат-бот арқылы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатумен, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін демалыс және мереке күндері тыйым салынсын».
6)  10 тармақтың 10.29 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«10.29 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 5-қосымшасына сәйкес, ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.».
7) 10-тармақ мынадай мазмұндағы 10.35, 10.36 тармақшалармен толықтырылсын:
«10.35  Адамдарды біркелкі кестемен, отыратын орындар санынан артық емес толтырумен және елді мекендер ішіндегі маршруттарда қоғамдық көлік санының артуымен қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер жолаушыларды барлық отыратын орындарды толтырғаннан кейін және маскасыз жібермеу үшін қызметкерлермен қамтамасыз етілсін.
10.36 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысындағы 5-қосымшаға сәйкес құрылыс материалдарын, көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін сатумен айналысатын базарлар, дүкендер (500 м2-ге дейін), күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ара-қашықтықты  сақтауға арналған үй-жайлардағы таңбалармен және сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен»;
8) келесі мазмұндағы 10-1 тармағымен толықтырылсын:
«10-1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, Облыстың кәсіпкерлік басқармасы, «Атамекен» ҰКП, Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мобильді топтарын құруды және объектілердің жұмысын бастауға әзірлігі туралы актілер бере отырып, қолданыстағы қаулылардың сәйкестігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.».

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Алматы облысыныңбас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің м.а.
А.Чарапиев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here