Күз келіп, ауа-райы салқын тартты. Алда қыраулы қыс тұр. Қысқа əзірлік жұмысы қазірден басталды. Өйткені, қамданғанның қапы қалмайтыны анық. Биыл осы жағына ерте бастан көңіл бөлінуде. Осыған орай, аудан əкімдігінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 170 «2019-2020-шы жылдардағы жылу беру маусымының қорытындысы жəне алдағы 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымының міндеттері туралы» қаулысы қабылданған болатын. Іс-шара жəне штаб мүшелері бекітіліп, ауылдық округ əкімдеріне жəне мекеме басшыларына таратылды. Алдағы 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына 184 бюджеттік мекеменің жылыту жүйесіне тексеру жүргізіліп, қысқы жылыту маусымына дайындық төлқұжаттары дайындалуда.

Ал, 2020-2021 жылдың отын қоры бойынша 42 мекеме бюджеттік сала нысандарына сұйық отынның қарастырылған лимиті 1051962 литр болған. Оған болжанған (қаржы көлемі 213 млн 652 мың 845 теңге) сұйық отынын сатып алу бойынша конкрустарды қорытындылауы аяқталып, нысандарға жеткізу 2020 жылы маусым айының 1 күні басталған еді. Ал, тасымалданған сұйық отын қоры 583 740 литр немесе 46 пайызды құрады. Бас мердігер «Дизель груп» ЖШС.

Жалпы аудан бойынша барлығы 41 мекеме сұйық отынмен жылытылады. Оның ішінде: 31 мекеме білім саласы 832 600 литр, тасымалданғаны 427158 литрге жетті. Бұл 51 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге, денсаулық саласындағы 5 мекемеге отын тасымалдау жұмысы 15 қыркүйекте басталды. Бұдан бөлек мəдениет саласындағы 5 мекемеге 56362 литр тасымалданып жеткізілді. Бюджеттік мекемелерге көмірдің қажеттілігі 575 тонна деп белгіленсе, оған қарастырылған қаржы мөлшері 18 млн 540 мың теңге болған.

Жалпы, аудан бойынша көмір отынымен жанатын 53 қазандық бар, оның ішінде 8 мекеме білім саласы бойынша оған 64 тонна, 31 мекеме денсаулық саласында оған 406 тонна, 14 əкімшілік жəне басқаларына 77 тонна деп белгіленген.

Жеке секторларға 85000 тонна көмір дайындау көзделген болатын, олар 43000 тоннамен қамтылды. Бұл 51 пайызды құрайды. Көмір Қарасай ауданына қарасты Шамалған бекетінен, жəне Отар станса бекетінен аудан орталығына тасымалданады. Көмірдің тиегішімен жеткізуін қосқанда, 1 тонна көмірдің бағасы – 17000-17500 теңге аралығында деп белгіленген. Бюджеттік мекемелер бойынша бүгінгі күнге 91 мекеме көгілдір газ отынымен қазандық арқылы жылытылады. Оның ішінде 48 мекеме білім, 13 денсаулық, 9 мəдениет, 21 əкімшілік, жəне басқалар.

Ержан ЖҰРТШИЕВ, Жамбыл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жəне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here