Жуырда Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жəне облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж ұжымының инновациялық, шығармашылық қызметін айқындау жəне қолдау көрсету мақсатында «Ең үздік кəсіптік білім беру ұйымы – 2020» байқауы онлайн режимінде өткізілген еді. Онда облыстық кезеңге 9 колледж қатысты. 1-турда білім беру ұйымдары ережеге сəйкес берілген өлшемшарттар бойынша мекеме жетістіктерінің электронды портфолиосын ұсынса, 2-турда колледж моделі мен оның жұмыс нəтижесіне тоқталды.

Байқау қорытындысы бойынша шығармашылықпен жұмыс істейтін жоғары көрсеткіші бар колледж ұжымдары анықталып, 1-орынға (500 000 теңге сертификатымен) – Жамбыл атындағы Ұзынағаш кəсіптік колледжі ие болды.

Екінші орынды Талдықорған өнеркəсіптік индустрия жəне жаңа технологиялар колледжі, үшінші орынды Талғар медициналық колледжі еншіледі.

Сонымен қатар Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі – «Инновация шебері», Шонжы политехникалық колледжі – «Жаңашыл колледж», І.Жансүгіров атындағы колледжі – «Жетістік жолында» номинациялары бойынша жүлдегер атанды.

Жамбыл атындағы кəсіптік колледж ұжымын жəне мекеме директоры Болат Бекбосынұлы Алтаевты осынау зор табысымен шын жүректен құттықтаймыз.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here