Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – Қазақстаннның бүгінін белгілеп, ертеңін айқындайтын бағдарлы құжат болып табылады. Осы мақала аясында қазақ жазуын  әлемдегі ең танымал жазулардың бірі латын әліпбиіне көшіру мәселесі дер кезінде көтерілді.

         Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Үш тұғырлы тіл»  саясаты туралы көтерген бастамасында, қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, ал орыс және ағылшын тілдерін меңгере отырып, әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығу мүмкіндіктері ашылатындығын атап өкткен болатын.

Қазіргі  жаһандану заманындағы технология және ақпарат алмасудағы басымдылық ағылшын тілінде  екені баршамызға аян. Сондықтан да, Қазақстанның әлемдегі дамыған мемлекеттер көшінен қалмауы және дүниежүзілік білім мен ғылым және ақпарат пен технологияның кеңістігіне еркін енуі үшін латын әліпбиіне көшудің аса қажетті заман талабынан туындап отыр.  Деректерге сүйенсек,  бүгінде әлемдегі елдердің  70 проценттен астамы латын жазуы арқылы білім мен ғылымды игеруде. Яғни, білім мен ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, және  т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы латын графикасымен берілетіндіктен, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі  осы графиканың негізінде таралады деген сөз. Демек, латын әліпбиі еліміздің  әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуына бірден бір септігін тигізері анық.

Қазіргі ХХІ ғасырда жазудың маңыздылығы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде түркітектес халықтар арасында қолданылатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың маңызды қадамы болып табылады.

Айгүл Қалиоллақызы,

Ә.Мәмиев атындағы негізгі орта мектебінің педагог сарапшысы.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here