Атамекен… Кең дала… Туған жердің əрбір тауы мен тасы, қаласы мен даласы көненің көзіндей. Жерде жатқан қайсыбір тасын төңкере қалсаң, тарих жайында сыр шертеді. Ескірген дүниенің құндылығы қай уақытта да алтын емес пе?! Осыдан үш жарым жыл бұрын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шықты. Одан кейін соның жалғасындай «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері атабабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті əрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.

 Төл тарихын білетін, бағалайтын жəне мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу жəне болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы, – деп жазды Елбасы мақаласында.

Біршама уақыт отар елдің тепкісін, теперішін көрген халықтың ұлттық санасы аз уақытта жаңғырып кете алмайды, бəлкім?! Алайда, азаттық аренасына шыққан ширек ғасыр ішінде рухани жаңғырудың жаңа белесіне өтетін кез келді. Түркі əлемінің алтын бесігі – қасиетті қазақ елі азаттықтың ақ таңын атырғалы тарихын ешқашан естен шығарған емес. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болмақ.

 Əйгерім ƏБУ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here