Жұма күні “Nur Otan ” партиясының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  штаб төрағасы Ықылас Амалбек пен “Nur Otan” партиясы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова қоғамдық қабылдау өткізді.

Ықылас Еркінұлы жалғызбасты ана Айгүл Төлендиеваның әлеуметтік көмек мәселесі туралы қойған сауалына жауап беріп, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ал , Мәжіліс депутаттығына үміткер Әлия Әбсеметова Сұраншы батыр ауылының тұрғындары Гауһар Садабаева мен Гауһар Құмарханды қабылдап әлеуметтік көмек пен жер,  үй мәселелері бойынша қойылған сұрақтарына жауап беріп, мейлінше көмек қолын созатынын жеткізді.

Е.Еркін

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here