Сенбі күні Таран ауылдық округіндегі Балғабек Қыдырбекұлы ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айдын Жүнісов пен Нұржан Ысқақовтар ауыл халқымен жүздесіп, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесу барысында кандидаттар ауыл халқының сұрақтарына жауап беріп, тұщымды жауап берді. Жиын соңында жас болса да бас болып саяси додағы түсіп отырған қос кандидат ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасап “Nur Otan” партиясына дауыс беріп, өздеріне лайық деп таныған кандидатты қолдауға шақырды.

Дәл осындай жиын Үмбетәлі ауылы мен Қарғалы ауылында да өз жалғасын тапты. Аталған ауылдарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлия Маратқызы Әбсеметова “Үмбетәлі Кәрібаев” атындағы мұражайдың директоры, ақын, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген өлкетанушысы, жыршы-термеші Әуелбек Ысқақовпен кездесу өткізсе, түстен кейін Қарғалы ауылының тұрғындарына “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлау кезінде өз таңдауларын жасап, ел болашағын бірге гүлдендіруге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here