Жексенбі күні Ақсеңгір ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Балжан Ерболқызы Досалы мен Раушан Әсетқызы Ермұханова ауыл халқымен кездесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, партияның осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта атқаратын іс-шараларының жоспарымен таныстырды. Алғаш болып сөз алған Раушан Әсетқызы: «Еліміздің гүлдеп, өркендеуіне, ел экономикасының нығайып, аяқтан нық тұруына бірден-бір себепші болған «Nur Otan» партиясы. Бұл партияның осы уақытқа дейін атқарған ісі ұшан теңіздей. Біз бен сіздің кемел болашаққа еш кедергісіз жетуімізге де ықпал етіп отырған осы партия. Еліміз түрлі сындарлы сынақтарды бастан өткерді. Сол сынақтарда елге тіреу бола білген «Nur Otan» қазақ халқымен бірге қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетіп келеді. Алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдап, ел болашағы үшін дауыс беруге баршаңызды шақырамын»,-деді.  Жастар атынан сайлауға түсіп, мәслихат депутаттығына үміткер болып отырған  Балжан Ерболқызы: «Иә, ел егемендігін алған алғашқы жылдары еліміз талай қиындықты бастан кешті. Сол бір қиын сәттерде елдің жанынан «Nur Otan»  партиясы табыла білді. Алыс жылдарды емес, биылғы дерт дендеген шақтың өзінде «Nur Otan»  партиясы өз халқына барынша көмек қолын созды. Соның нәтижесінде көптеген көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық  жасалды. Ондай игі іс-шараның бас-қасында партияның жас өкілі ретінде біздің жастар да табылып отыр. «Ел болашағы бүгінгі жастардың қолында»,-деп Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше атап өтіп, бізге сенім артып отыр. Соның нәтижесінде елімізде жастарға көптеген көмектер көрсетілуде. Бізге осындай мүмкіндік беріп, болашағымыздың жарқын болуына күш-жігерін салып отырған «Nur Otan»   партиясына айтар алғысымыз шексіз. Тек жастарға ғана емес, күллі қазақ баласын өз қамқорлығына алып отырған партияға тек толағай табыс тілейміз»,-деп сөзін қорытындылады.

Депутаттықа үміткер кандидаттар «Nur Otan»   партиясының сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға таныстырғаннан кейін, ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, барынша көмек қолын созуға уағдаласты.

Бұл сайлау басқа сайлаудан өзгерек. Ел болашағы үшін дауыс беріңіздер! Сіздің даусыңыз сіздің таңдауыңыз екенін қаперіңізден шығармаңыз!

Е.Еркін

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here