Аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта жатқан Теміржол ауылдық округінің бүгінгі хал-ахуалын біліп, ауыл халқының тыныс-тіршілігімен танысып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Ықылас Амалбек, Бекжан Түгелбаев, Нұржан Ысқақовтар 4 қаңтар күні ат бұсын арнайы сол ауылға бұрып, ауыл халқымен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап түсіндіру жұмыстарын жүргізе келе: «Nur Otan» партиясы үшін әрбіріңіздің даусыңыз маңызды. Біздің партия қиын қыстау күндері халықтың қолтығынан демеп, сүрінгенге сүйеу бола білді. Әлі де сол қарқынынан таяр емес. Себебі, біз қиындықты қазақ халқымен бірге еңсеріп, жеңіске бірге жетіп келе жатқан партияның бірден біріміз. Осы қарқынымыздан таймай алдағы уақытта да әр ауылдың ахуалын жақсарту мақсатында еңбек етіп, халықпен араласып, шешілмей жатқан қандай мәселелеп бар екенін біліп арнайы ауылдарыңызға келіп отырмыз. Бұл ауыл ауданнан шалғай жатса да партия назарынан бір сәтке де тыс қалып көрген емес. Осыған сай сіздердің ауылға жасалуы тиіс іс-шаралар жоспарын біз өзіміздің алдағы бесжылдықтың жоспарына енгізіп қойдық. Оған дәлел ретінде айтсақ 2021 жылы Қазыбек бек бекетінің 10,15 шақырым жолын орташа жөндеуден өткізу,2022 жылы осы ауылға газ тарту,2023 жылы өрт сөндіру бекетін құру 2024 жылы спорт кешенін салу, 2025 жылға дейін дәріхана пунктін ашу сынды жоспарлар қарастырылған. Бұның бәрі тек сөз жүзінде қалып қоймай, болашақта іске асады деп мол сеніммен айта аламыз»,-деп сөздерін қорытындылап, ауыл халқын өткелі отырған сайлауда ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here