ҚР Парламенті мәжілісі мен облыс, аудан мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттаудың соңғы аптасында да белсенділік танытып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Осындай үгіт-насихат жұмыстары 7 қаңтар күні Шиен ауылында өз жалғасын тапты. Шиен ауылдық округінің халқымен кездесуге аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Саят Жұрын, Мұратбек Күдебаев, Сәуле Әлімқұлова,Армандос Әбіловтар арнайы келді. Ауыл халқымен кездесу барысында кандидаттар: «Уақыт шіркін зымырап өтіп жатыр. Кеше ғана басталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау іс-шарасы да өз мәресіне жетіп қалды. Осы уақыт аралығында біздің депутаттыққа үміткер кандидаттар ауданның барлық елдімекендерін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында аудан тұрғындары «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді. Бұл біздің партияның беделінің жоғары екенін, халықтың сенімін ақтағандығын білдірсе керек. «Nur Otan» партиясы қазақ халқының басына келген қиындықтарда әрдайым қасынан табыла білді. Біздің партия елдің басына ауыр сынақ болып келген пандемия кезінде де қол ұшын созып, көмек қолын соза білді. Мыңдаған отбасыға азық-түлікпен, қаржылай көмектесті. Ауруханаларға «Біз біргеміз» атты акция барысында тиісті дәрі-дірмектер мен ИВЛ аппараттар алынды. Бұл біздің халық алдындағы парызымыз деп білеміз. Сол үшін сіздерді алда өтетін сайлау науқаны кезінде бірауыздан «Nur Otan» партиясы дауыс беріп, қолдауға шақырамыз»,-дей келе аудандық «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының алдағы бесжылдыққа белгілеген жұмыс жоспарымен таныстырды. Оның ішінде Шиен ауылдық округіне қатысты бірнеше жоспарлармен бөлісті. Айталық 2021 жылы Шиен ауылында өрт сөндіру бекетін құру, 2022 жылы Қоғамшыл ауылына көше жарығын орнату жоспары тұрғанын айтты.
Ауылдарына арнайы келіп, «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кандидаттарға ауыл халқы алдағы уақытта билік партиясына біркісідей дауыс беріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here