Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Нұрлан Ахметжанов, Райхан Жүнісова, Айкен Тілеулинова аудандық Мәдениет үйінде білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Білім саласы қызметкерлерімен кездескен кандидаттар «Nur Otan» партиясының Жамбыл ауданы 2025 жылға дейін жоспарлаған жұмыс жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта білім саласына партия тарапынан көптеп көңіл бөлініп, жаңа мектептер бой көтеріп, тұрмысы төмен отбасы балаларына көңіл бөлініп, пән кабинеттері түгелдерлік кезең-кезеңімен жабдықталатынын жеткізді. Жиын барысында ұстаздар қауымы кандидаттарға сұрақ қойып, өздеріне тиісті жауап алған соң бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here