Бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат Әлия Маратқызы Әбсеметова, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Жарасбаев Дәулет Жамалбекұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Ықылас Еркінұлы Амалбек көпбалалы отбасылар мен мүгедек жандарды қабылдап, әлеуметтік мәселелер төңірегінде қойған сұрақтарына жауап берді. Жиын барысында азаматтар өздеріне берілетін әлеуметтік көмек, үй кезегі сынды бірнеше сұрақтар қойып, сол сұрақтар партия назарына алынса деген ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Кездесу соңында кандидаттар қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтарға сайлау науқаны кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here