«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп,үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу науқаның соңғы күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Саят Жұрын, Серік Тілепбергенов, Армандос Әбілов, Айдын Жүнісовтер Ұзынағаш ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу кезінде кандидаттар алдағы бесжылдықта Ұзынағаш ауылына партия тарапынан көп көңіл бөлініп, лайықты жұмыстар атқарылатын айтып өтті. Нақтырақ айтсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 85,5 мың шаршы метр болатын 5 қабатты 60 пәтерлі үйдің құрылысын жүргізу, жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 2,3 мың мет 30 үй салу, ауданы 150 мың шаршы метір 1000 жеке тұрғын үй құрылысына жәрдемдесу, «Бақытты отбасы» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалы бойынша 155 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету сынды жоспарлармен тұрғын үй мәселесін шешу көзделген. Сондай-ақ, Ұзынағаш ауылының 11,5 шақырым жолын 2022 жылы орташа жөндеуден өткізу, 2025 жылға дейін Ұзынағаш ауылына 250 адамға арналған аурухана, 2025 жылға дейін Ұзынағашта 600 орындық 2 мектеп салу, 2022 жылы Ұзынағаш ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты жоспарлар тұрғанын жеткізді.
Жиын соңында кандидаттар ауыл халқын «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here