Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшіліктің, оның ішінде ұстаздар қауымының көңілінен шыққан аса маңызды құжат болды. Онда бірнеше жоба ұсынылды. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытты саралай келе Ұлт Көшбасшысы ата-бабамыздан аманат болып қалған ұлы даламыз өркениеттің өзгелерді таңғалдырар ошағы болғанын бекерден бекер айтпаса керек-ті.

Кең байтақ ұлы даламыздың даңқын асырған жеті қырымызды жіліктеп, бүгінгі қазақтың рухын жанып, бітімболмысымызды мығым ету мақсатында жазылған бұл мақаладағы міндеттерді орындау арқылы мəңгілік Еліміздің рухани тірегін бекітуге болатыны сөзсіз.

Осы мақала арқылы Қазақстан тарихын тереңдеп зерттеу керек. «Ұлы дала есімдері» атты оқу ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылымикөпшілік фильмдер шығарып тарату халқымызға төл тарихын жеткізу тарапында жасалатын басты қадам болмақ. Тарихымызды таразылай келіп, көп жылдар бойы уақыт тасасында қалып келген, кезінде халықты оқу білімге, ағартушылыққа үндеген, елдің ауызбірлігі мен ынтымағын сақтауға өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы да кеңінен насихаттау керек деген пікірдемін. Себебі, төл тарихын танып білетін əрі бағалайтын жəне ел алдында мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деген ойдамын.

 Əсел ҚАБИ, Ш.Уəлиханов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пəні мұғалімі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here