Биыл Тəуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары – Астана қаласы 20 жылдығын атап өтеді. 1998 жылдан бері бас қаламыздың халқы үш есеге өсіп, қала сипаты танымастай өзгерді. Жаңа көшелер, аудандар, аспанмен таласқан жаңа ғимараттар пайда болды. Жиырма жыл бұрынғы Астана мен қазіргі Астананың келбеті адам танымастай. Оны Астанаға жол тартқанда пойызда бірге жолдас болған кісінің сөзінен аңғардым. Мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан сапарласым Астана туралы əңгімесін былай деп бастады: «Алғашында Алматыдан Астанаға көшкен шақта біз де бұл жерді жатсындық. Жаймашуақ Алатаудың бөктерінен қысы қытымыр келетін қалаға көшіп келген жылдар өте қиын болды. Ол кезде үйлердің кейбірінде ыстық су мен суық су болмайтын. Қардың қалыңдығы белуардан келіп, көліктер жүруі қиын еді. Ал көктем кезінде жол жиегімен жүріп, аяқтың бəрі батпақ болатын. Сондықтан жұмысқа шығарда аяғымызға целофан байлап алып автобусқа дейін жетіп алатынбыз. Кейін жас қаламыз Астанамыз сарабдал саясаткер Елбасымыздың арқасында гүлдене түсті. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмəнмен қарады. Алайда, 1998 жылдың 10 маусым күні тəуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала – Астананың атын бүкіл əлемге жариялады. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер Нұрсұлтан Əбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы – теңдессіз қайсарлық. Əр елдің Астанасы – сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мəн бар. Нұрсұлтан Əбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Қала- лардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың əрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», – деп жазыпты», – деп сөзін қорытындылап, өткен- кеткеннен біраз естеліктер айтқан еді. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», – деп жазды. Иə, ерен еңбегімен еңселі Елордамызды тұрғызып, күллі əлемге танытқан, Сарыарқа төрінен ертегі қаласындай қала тұрғызған Елбасының еңбегі зор. Еліміздің жүрегі Астананың ғұмыры ұзақ болсын!

Елдар ЖАҚЫПБЕК.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here