Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңына қол қойды. Бүгінде заң шеңберінде көп жеңілдіктер қарастырылған. Оның ішінде адвокаттық қызметпен айналысатын жас мамандарға адвокаттар алқасына кіру тегін болды.

         «Салыстырмалы түрде қарасақ, бұрын адвокаттар алқасына кіру 700-800 мың теңгені талап етсе, осы заңнан кейін кіру жарнасы алынып тастады. Бұл жас адвокаттарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен көмек. Себебі енді 1 адвокат 500 адамды қабылдай алатындай деңгейге жету керек», – деді  Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Пилалов Қайрат.

         Айта кету керек, Алматы облысында 403 адвокат  бар. Оның ішінде 246 адвокат тегін заң көмегін көрсете алады. Статистикаға сүйенер болсақ, Қазақстан бойынша 1 адвокатқа 4995 адамнан келеді.

         Аталған  Заңдар әлеуметтік желілерде жарияланып, жұртшылықтың қолдауына ие болды.

Қорыта айтқанда,  адвокатура  саласын  жетілдіруге және халықтың адвокаттық тегін көмегін алуға мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған Заң халықтық қолдауымен қабылданып, болашақта  іс-жүзіне  асырылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here